Коронавирустың «отаны» әлі анықталған жоқ - ДДСҰ зерттеуі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. SARS-CoV-2 коронавирусының бастапқы таралу нүктесін іздеген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) комиссиясы Уханьға барған сапарының қорытындысы бойынша өзінің зерттеулері туралы толық есеп шығарды.

ДДҰ өкілдері Уханьдағы теңіз өнімдерін сататын базардан тыс, тіпті Қытайдан тыс жерде алғашқы коронавирус жұқтырған пациенттерді іздеуді жалғастыруды ұсынады, өйткені олар коронавирустың отаны Қытай деп нақты айта алмайды. 

Ухань ауруханаларындағы медициналық карталарды зерттеп, олар коронавирустың алғашқы ресми пациентінің 2019 жылдың 8 желтоқсанында пайда болғанына сенімді болды. 

Тыныс алу органдарының аурулары туралы мәліметтерге сүйенсек, 2019 жылдың желтоқсанына дейін ірі эпидемия болмаған. Сонымен қатар, коронавирустың алғашқы жағдайлары теңіз өнімдері базарымен байланысты болмаған. SARS-CoV-2 геномдарын талдау бірінші пациенттің үлгісі базарда табылғаннан өзгеше екенін көрсеткен, - делінген есепте.

Осы мәліметтерге сүйене отырып, комиссия мүшелері Ухань қаласында алғашқы пациент осы вирусты жұқтырған кезде мұнда вирустың бірнеше түрі болғанын, ал теңіз өнімдері базары кейінірек таралудың катализаторы болған деп болжайды. 

ДДСҰ сарапшыларының пайымдауынша, вирусты ең алғашқы болып таратқан жабайы жануарлар болуы мүмкін. Олар жарқанаттар мен панголиндерді коронавирустың тасымалдаушысы деп санайды, бірақ олар осы уақытқа дейін жануарлар арасынан SARS-CoV-2-нің бірде-бір тасымалдаушысын таба алмаған. Не жабайы табиғатта да, фермада да, базардан да оларды кездестірмеген. 

Жабайы жануарлар адамдарға коронавирус жұқтыруы мүмкін деген жалғыз дәлел - бұл алдыңғы эпидемияларда да жануарлардан адамға вирус жұғу оқиғасы тіркелгендігі. 

Осы жағдай 2019 жылы да қайталанып отыр деген дәлел комиссия мүшелерінде әзірге жоқ. 

Sputnik.kz сайтының мәліметінше, вирустың қандай да бір тәжірибе кезінде зертханадан таралды дегенге ДДСҰ мүшелері сеніңкіремейді.

Сарапшылар 2019 жылдың қараша және желтоқсан айларында ешқандай техникалық ақаулар мен хаттаманың бұзылуын байқамаған қытайлық әріптестерінің есептеріне сілтеме жасайды.

Дегенмен, ДДСҰ іздеуді тоқтатпайды, өйткені ол SARS-CoV-2 шығу тегі туралы гипотезалардың ешқайсысы әлі қабылдауға немесе толығымен жоюға дайын емес. 

Естеріңізге сала кетейік, ДДСҰ халықаралық комиссиясы оқиға орнына бір жылдан кейін, 2021 жылдың қаңтарында барған болатын. Қытай ұзақ уақыт бойы SARS-CoV-2 вирусының отаны болып саналып келген еді.
 



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы