Коронавирустың британиялық штаммынан көп адам көз жұмуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустың британиялық штамынан көп адам көз жұмуы мүмкін. Біріккен Корольдіктің Премьер-министрі Борис Джонсон осылай деп дабыл қақты, дейді 24.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша мутациялық түрін жұқтырған науқастардың арасындағы өлім-жітім 30%-ға ұлғайған. Ұлыбритания қазір COVID-19-ды күнделікті жұқтыру көрсеткіші бойынша әлемде бірінші орында тұр.

Джонсон Pfizer және AstraZeneca вакциналары жаңа штамға қарсы емдеу ісінде тиімділігін дәлелдеуде деп мәлімдеді.

Соңғы мәліметтер аталған екі вакцина мутацияның ескі және жаңа түрлеріне қарсы емде тиімді екенін көрсетуде. Бізде вакциналау жылдам жүріп жатыр. Қазірдің өзінде алғашы дозаны 5 миллионнан астам адам алып үлгерді, - дейді Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон.

 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы