Коронавирустың «британиялық» мутациясы тағы 3 елде тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кипр, Грекия, Таиландта коронавирустың жаңа түрі әлемге жаппай тарауда.
Ұлыбританияда алғаш рет тіркелгендіктен, «британиялық» деп аталып кеткен мутацияланған COVID-19 штаммын жұқтыру жағдайлары Кипрде, сондай-ақ Греция мен Таиландта анықталды.
Кипрдің Денсаулық сақтау министрлігі Ұлыбританиядан келген 12 адам коронавирустық инфекцияның жаңа түрін жұқтырғанын хабарлады.
2020 жылғы 6-20 желтоқсан аралығында зерттелген 19 үлгінің 12-сінен VOC 202012/01 штаммы анықталды, - делінген хабарламада.Грекияның Antenna телеарнасының хабарлауынша, төрт гректің сынақтарында «британиялық» коронавирус табылған. Елде карантиннің күшейтілуіне осы инфекция себеп болуы мүмкін.
Жаңа штамм табылған жолаушылар полиция күзетіндегі карантиндік қонақ үйде екендігі атап өтілді.
Сонымен қатар COVID-19 жаңа штаммы Таиландта да тіркелді. Мутацияланған коронавирус ауруы Ұлыбританиядан келген бір отбасының төрт мүшесінен анықталған.
Басылым нақтылағандай, Khaosod Бангкоктағы Чулалонгкорн университеті медициналық клиникалық вирусология орталығының жетекшісі Йонг Пововраванға сілтеме жасай отырып, отбасының барлық мүшесі жеке клиникада карантинде жатқанын мәлімдеді.