Коронавирустың «британдық» штамының белгілері қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустың «британдық» штамына жөтел, шаршаңдық, тамақ пен бұлшықеттің ауруы сияқты белгілер тән, бірақ иіс сезудің жоғалуы «қытайдан» тараған нұсқасына қарағанда онша байқалмайды. Бұл туралы Ұлыбританияның Ұлттық статистикалық басқармасы, елде COVID-19 жұқтырған 6 мың тұрғынының деректерін өңдеу негізінде хабарлады.
Британдық штамды жұқтырған 3,5 мың адамның:
35% жөтелген
32% -ы шаршаңдықты сезінген
25% бұлшықет пен дененің ауырсынуына шағымданған
21,8% -ы тамағы ауырған
⠀
Ескі штамды жұқтырған 2,5 мың адамның:
28% жөтелген
29% -ы шаршаңдықты сезінген
21% бұлшықет пен дененің ауырсынуына шағымданған19% -ы тамағы ауырған
Жаңа штамды жұқтырғандардың 16% -ы дәм сезгіштігін, ал 15% -ы иіс сезгіштігін жоғалтқан екен. Бұл ескі штамды жұқтырған адамдарға қарағанда аз (екі жағдайда да 18%).