Коронавирустық пневмониядан көз жұмғандар саны 434-ке жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Coronavirus2020.kz сайтында 2020 жылғы 26 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияға шалдыққан науқастар бойынша ақпарат жарияланды.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 168 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 82 адам емделіп шықты, - делінген хабарламада.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 41595, 434 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30289 жетті.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы