Коронавирусқа қарсы антиденелер балаға ана сүтімен берілуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 коронавирустық инфекцияға қарсы антиденелер балаларға ана сүтімен берілуі мүмкін. Бұл туралы Гамалея орталығының директоры Александр Гинцбург мәлімдеді.

Коронавирусқа қарсы антиденелері бар аналар оларды жаңа туған нәрестелеріне өз сүтімен емізген кезде бере алады, - дейді ғалым.

Бұған дейін Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкері, профессор Лейла Адамян коронавирустық инфекция жүкті әйелдерге «жұмсақ» екенін және індетті жұқтырған әйелдердің балалары сау болып туатынын атап өткен болатын. 

Оның айтуынша, вирус плацентаға да, амниотикалық сұйықтыққа да, ана сүтіне де енбейді екен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы