Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұлшық ет ауруы, шаршаудың жоғарылауы және аяқтардағы ісік коронавирус инфекциясының белгілері болуы мүмкін. Бұл туралы Daily Mail төтенше жағдайлар жөніндегі ғылыми кеңес беру тобына (SAGE) арналған британдық ғалымдардың баяндамасына сілтеме жасап хабарлады.
Сарапшылар симптомдар жұқтырғандардың жасына және организмнің ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі жолдармен көрінуі мүмкін екенін атап өтті.
Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрлігі тестілеу орталықтарын шамадан тыс жүктемеу үшін COVID-19 индикаторларының тізіміне жаңа белгілерді енгізбеу туралы шешім қабылдады.
Қазір елде аурудың ресми түрде танылған үш белгісі қызба, ұзақ жөтел және иіс жоғалуы немесе өзгеруі бар.
Жалпы, Ұлыбританияда пандемия басталғаннан бері 570 мыңнан астам жаңа коронавирус инфекциясы анықталды, 42 мыңнан астам адам қайтыс болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шетелдердің зорлық экстремизмге қарсы тәжірибелері талқыланды
Өзгелердің жаңалығы