Коронавирусты үйде емдеу стандартына 5 жаңа дәрі қосылмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус және пневмонияны үйде емдеу хаттамасына бес жаңа дәрі енгізілгенін мәлімдеді. Ол бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.
Біз пневмонияны, коронавирусты пневмонияны және коронавирусты емдеуге арналған бес негізгі фармацевтикалық препаратты қосу бойынша мәселені қарастырудамыз. Бұл антикоагулянттар, дене қызуын түсіретін препараттар және антибиотиктер, - деді Цой.
Оның айтуынша, бұл халық дәріханалар арқылы іздеп жүрген негізгі топтағы дәрілер.
Бұл препараттар алдымен медицина қызметкерлерінің сараптамасынан өтуі керек. Аурудың жеңіл түрін дәрігердің бақылауымен емдеу үшін біз осы дәрі-дәрмектерді үйде емдеу стандартына қосқымыз келеді. Қазір дәрілерді жеткізу мәселесін қарастырып жатырмыз, - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін министр Қазақстанға 100 жылжымалы медициналық кешен жеткізу жоспары бар екенін және 10 миллион теңге өтемақыны қанша медицина қызметкері алатынын мәлімдеген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирустан 40-қа жуық жүкті әйел қайтыс болды
Өзгелердің жаңалығы