Коронавирусты тұмаудан қалай ажыратуға болады?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының №8 емханасының бас дәрігері Фарида Ағыбаева Өңірлік коммуникация алаңында коронавирусты тұмаудан қалай ажыратуға болатынын айтты.
Ф. Ағыбаева Алматыда коронавирустық инфекцияның жаңа нұсқаларының айналымы жалғасып жатқанын, бұл ретте салқындау кезінде ЖРВИ мен тұмаудың келу қаупі жоғары екенін атап өтті.
Тұмау да, коронавирус та өткір жұқпалы аурулар. Тұмау дене температурасының күрт жоғарылауы, жөтел, бас ауруы, бұлшық ет және буын аурулары, әлсіздік, мұрынның ағуы сияқты белгілердің өткір дамуымен сипатталады және 2-ден 7 күнге дейін созылады. Алайда, тұмау инфекциясы кейде ауыр өтуі мүмкін, әсіресе қарттар, жүкті әйелдер, балалар арасында. Сондықтан коронавирусты немесе тұмауды бірден ажырату мүмкін емес, - дейді Ф. Ағыбаева.
Оның үстіне, тұмау да, COVID-19 да симптомсыз немесе жеңіл жүреді, ауырып жүріп, артынан асқынған соң өлімге әкелуі мүмкін.
Тұмауды жай дерт деп ойлауға болмайды. Бұл жағдайда коронавирус зиянды. Екі вирустың да белгілері ұқсас болғанымен, кем дегенде бастапқы кезеңде ауыр және критикалық жағдайлардың үлесі де әртүрлі: COVID-19 кезінде олар тұмауға қарағанда көп, - дейді Ф. Ағыбаева.
Мысалы, тұмау вирусы жұқтырған кезден көбейіп, өзін тез көрсете бастайды. Орташа алғанда, инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 1-2 күнге дейін. Тұмауратқан науқас басқаларға жұқпалы болып табылады, негізінен аурудың алғашқы 3-5 күнінде.
COVID-19 инкубациялық кезеңі ұзағырақ, 4-тен 6 күнге дейін, бірақ қысқа немесе ұзағырақ болуы мүмкін. Сондықтан эпидемиологтардың барлығы науқастарға да, сау адамдарға да бетперде киюі талап етіледі.
№8 қалалық емхананың бас дәрігері иісті сезінбеу коронавирустың негізгі симптомы деген пікір қате екенін айтты.
Иісті сезінбеу бұл назар аударатын симптом. Алайда, бұл барлық адамдарда бола бермейді және диагноз қоюға негіз бермейді. Дәмі мен иісі жоғалды ма, жоқ па маңызды емес. Егер қызу немесе жалпы әлсіздік сезімі сияқты белгілер пайда болса, дереу дәрігермен кеңесу керек. Дәрігер аурудың белгілері мен эпидемиологиялық анамнезді ескере отырып, COVID-19 бар-жоғына зертханалық зерттеу тағайындайды, - деп толықтырды Ф. Ағыбаева.