Коронавирустың салдарынан қытайлықтар сәнді киімнен айырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Adidas компаниясы коронавирустың таралуына байланысты Қытайдағы брендтік дүкендерінің біршамасын жабатынын мәлімдеді. Әзірге қанша сәнді киімнің сатылатыны туралы ақпарат жоқ, деп хабарлады Reuters.

Компания өкілі Қытайдағы жағдай компанияның қызметіне кері әсерін тигізетінін айтты. 
Алайда бұл әсердің мөлшерін бағалауға әлі ерте. Қытай фирманың жетекші нарығы болды, - деді ол.
Өткен жылы Adidas сатылымы Азия аймағында екі есеге, ал Қытайда 16 пайызға артқан.

Коронавирусты індет Қытайда 2019 жылдың желтоқсанында пайда болды. Ақпан айының басында вирус жұқтырғандардың саны 20 мыңнан асып, 500-ге жуық адам қайтыс болды. Бұдан өзге жұқпалы індет тағы 24 елде анықталды. Мамандар вирустың өршуі пандемияға айналатынын жоққа шығармайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы