Коронавирусты озон терапиясымен емдеуге болады - биотехнолог

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы, жас биотехнолог, ғалым Әмір Қуат коронавирусты озон терапиясымен емдеуге болатынын, өздері профилактика жүргізгенін айтып отыр.

Ол былтырғы жылы елордада ашылған "Профилактикалық медицина - аурудың алдын алу және өмірді ұзарту" орталы­ғында қызмет атқарады. Бұл орталық Астана медицина университетінің профилактикалық тамақтану және нутриология кафедрасының негізінде құрылған. Оны академик, м.ғ.д., профессор  Ерболат Дәленов басқарады.

Коронавирусты қалай емдеуге болады?

– Біздің қазір атқарып жатқан бірнеше жобамыз бар. Біріншісі, биоырғақтар. Ол адамның ағзасындағы генетикалық тұрғыдан қадағаланатын процесстерді есептеп, науқастардың қандай уақытта ағзасының жағдайы қалай болатынын бақылайды. Адам ағзасының жағдайы асқынып кетуі мүмкін бе әлде симптомсыз бола ма соның бәрін есептеп, сосын жансақтау бөлімінде түскенде қалай емдеу керек, қай кезде назар аударуға тиіспіз, қандай тәсіл қолдану қажет соған байланысты жүйе бар. Біз сол бойынша жұмыс істеп жатырмыз.

Екіншісі, озондау. Оның өзі екі түрі бар.  Біздің жасап жатқанымыз - алғашқысы, яғни дезинфекция. Автокөліктерді, ғимараттарды дезинфекция істеп жатырмыз. 

Үшіншісі, озон терапиясы. Инфузиялық терапия дегеніміз – тамшылауыш (капельница) арқылы адамның ағзасына озон терапиясын жасаймыз.

Озон  – триатомды оттегінің молекуласы. Озон оттегіне қарағанда химиялық белсенді зат. Дұрыс қолданбаса, адамды өлтіріп алуыңыз да мүмкін. Әр нәрсенің өз нормасы бар. Мысалы, 10 литр суды тоқтамастан ішсеңіз бүйрегіңіз тоқтап қалуы ықтимал ғой. Уды аз мөлшерде берсе ол дәрі де, көп болса у болады. Озон терапиясын дұрыс қолданатын болса, ағзаға пайдасы өте көп. Коронавирус - липофильді вирус сыртқы капсуласы липидтан (майдан) жасалған. Дәл сондай вирусқа тотығу процестеріне сезімтал болады. Дүние жүзінде озонға қарсы шығатын ешбір тірі жан жоқ. Вирустар, бактериялар, грибоктар ешқайсысы тұрақты қарсы тұра алмайды. Басқа дезинфектанттарға қарағанда 3000 есе белсенді. Дұрыс қолдана білсек, адамның ағасына коронавирус инфекциясы тараса да,озон терапиясы арқылы емдеп шығаруға болады.

Италияда қанша адам жұқтырып, қанша адам қайтыс болғанын жақсы білесіздер. Оларда осындай пилоттық жоба болды. 36 науқасты озон терапиясы арқылы емдеп көрді. Соның 34-і жазылып, екеуінің ғана жағдай жартылай ауыр болды. Сосын қайтадан жазылып кетті. Бірде-бір адам өлген жоқ.   

Қазақстанда қолданып жатқандар бар ма?

Біз осымен айналысамыз. Профилактика ретінде жүргіземіз. Профилактика ретінде озон терапиясын жасаған адамдардың арасында бірде-біреуі коронавируспен ауырмады. Тіпті, вирус мүлдем жоламайды.

Коронавирус – хронологиялық аурулар мен иммунитеті төмен адамдарға тез жұғады. Бізде озон терапия алғандардың арасында осы үш топқа жататындар да болды.

Америка ғалымдарды біз дәлелдеген жаңалықты 14 жылдан кейін анықтап Нобель сыйлығын алды.

Жас ғалымның ғылыми жобасы адами факторды болдырмауды көздейді. Алдымен арнайы бағдарламаға адамның туған күні мен айы, жылы енгізіледі. Сол ақпарат бойынша, кесте адам ағзасындағы интеллектуалдық, эмоционалдық және физикалық биоырғақтақтардың қандай екендігін анықтап береді. Осы биоырғақтарды қаперге алған жағдайда адам өміріне қауіп төнбейді.

– Адам жарық дүниеге шыр етіп келгенде оның ағзасында генетикалық тұрғыдан байланысты CRY деген ақуыз болады. Әр адамның ағзасының жасушасында  TIM PER CYC CLK деген гендер бар. Соларды рефлекс жасайды.Осыған байланысты биотолқындар болады. 2017 жылы үш америкалық ғалым  генетикалық талдауды дәлелдеп, Нобель лауреаты атанды. Ал біз 2003 жылы Қазақстанда практикалық тұрғыдан дәлелдеп қойғанбыз. Арада 14 жыл өткенде осы үшін америкалық профессорлар Нобель сыйлығын алып отыр. Қазақстанда бізді әлі күнге нумеролог, астролог деп жүр.

Күн жылығанда вирус өле ме?

– Күн жылыған соң вирус өледі деп жүргендер бар. Ғылыми түрде зерттеліп, дәлелденген нәрсе коронавирустың жойылуына керекті температура – 71°C. Онда температура болса вирус тұрмақ, өзіміз де өлеміз ғой. Өздеріңіз көріп отырғандай, кеше Нұр-Сұлтан қаласында күн 39 градусқа дейін ысыды. Науқастардың саны азаюдың орнына көбейіп бара жатыр. Демек, күн жылынғаннан коронавирус жоғалып кетпейді.

Коронавирус жұқтырғандар ресми статистикадан да көп болуы мүмкін

– Ресми статистика бойынша ғана ауырғандар мен өлген адамдардың санын біліп отырмыз. Біз тұрмақ, сол ауырған адамдардың өздері білмей қалған фактілер де жетеді. Сондықтан бұл статистика бұдан да көп болуы мүмкін.

Соңғы рет әлемде мұндай кең көлемде жұқпалы ауру 1918 жылы тараған болатын. 102 жыл бойы адамзат мұндай ауруды көрген жоқ. 

Карантиндік шараларды сақтамаудан, гигиенаға мән бермеуден ауру көбейіп жатыр. Мысалы, қазір жаз кезі. Көбі ашық жүр. Үйге келгенде толық жуынбайды. Сонымен үстел басына отырады. Барлығы да содан басталады.

Айта кетейік, Әмір Қуат елімізде өндіріс пен жұмыста жарақат алу мәселесіне көңіл бөліп, өлім мен жарақат санын төмендететін "БИОВ" қауіпсіздік техникасын жасаған. Оның зерттеулерінде адам қателік жіберетін заңдылықтар анықталған және нәтижесінде 2008-2016 жылдары 1,2 млн өлім оқиғалары зерттеліп, қауіпсіздік жүйесінің тиімділігі артқан. Ә. Қуат өз зерттеулерімен Бейжің олимпиадасында ҚР құрамасының медаль алуына көмектескен. Онда әр спортшының биологиялық әлеуетін есептеп, кеңес берген. Ағзаның энергиялық ресурсын сақтап, оны допинг қолданбай тиімді пайдалануға және спортшыларды жарақаттанудан сақтауға көмектескен. Берілген әдістемені тұрақты негізде қолдану үшін АҚШ пен Италиядан шақыру келген, бірақ Әмір бұл әзірлеме туған елінің игілігіне қызмет етуі керек деп ұйғарған. Ол "100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы.



Бұл орталықты Астана медицина университетінің профилактикалық тамақтану және нутриология кафедрасының меңгерушісі академик, м.ғ.д., профессор, Ерболат Дәленов басқарады. Ол 47  кітап жазған, 540-тан астам ғылыми мақаланың авторы, соның ішінде 49-ы АҚШ-та жарық көрген. Сондай-ақ, Нью-Йорк Ұлттық ғылыми кітапханасының мүшесі. Еліміздің барлық облыстарында профессордың шәкірттері еңбек етеді, ол 50 жуық магистр, кандидат, ғылым докторын, PhD оқытып шығарды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы