Коронавирусты әлем халқының 60 пайызы жұқтыруы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирусты әлем халқының 60 пайызы жұқтыруы мүмкін. Вирустың жылдам таралуының алдын алмаса 45 миллионнан астам адамның өміріне қауіп төнеді. Бұл туралы Гонконгтағы жетекші эпидемиолог, профессор Габриэль Люн мәлімдеді, деп жазады The Guardian.
Бірер күн бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ТДҰ) басшысы Тедрос Адхан Гебрейюс коронавирустың Қытайдан тыс жерде таралуына қатысты пікір білдірген. Ол барлық елдерді вирустың таралуына дайын болу үшін "мүмкіндіктер терезесін" қолдануға шақырды.Гонконгтық профессордың айтуынша, қазіргі кездегі басты мәселе – төніп келе жатқан қауіптің ауқымы мен формасы.
Әлем халқының 60 пайызы - бұл өте көп көрсеткіш, - деді дәрігер. - Тіпті коронавирустан келген өлім шығыны тек бір пайызды құраса да, бұл әлемдегі ондаған миллион адамның өмірі.
Бүгінгі таңда әлем халқының саны 7,57 млрд адамды құрайды, ал қазір коронавирусты 4,5 млрд адамның жұқтыруы мүмкін деген қауіп бар. Ал бір пайыз өлім көрсеткіші 45 миллионға жетеді, - деп мәлімдеді Габриэль Люн
Соңғы мәліметтер бойынша, бүкіл әлемде 60 386 адам коронавирус жұқтырған, 1370 адам қайтыс болды, 6 мыңға жуық науқас сауығып шыққан.
Мамандардың болжамынша, эпидемия басталған Ухань қаласында коменданттық сағат енгізілуі мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде Абай Құнанбайұлына ескерткіш ашылады
Өзгелердің жаңалығы