Коронавирусты кімдер жиі жұқтырып жатыр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады. Оның айтуынша, қаңтардың алғашқы 12 күнінде барлығы 40 мыңнан астам зерттеу жүргізіліпті.
Барлық жастағы адамдар инфекцияға бейім болып келеді. Бірақ соңғы күндері біз 25-39 жастағы адамдар арасында біршама өсуді байқадық. Олар ересек тұрғындардың 30 %-ын құрайды, бұл жалпы сырқаттанушылықтың 79 %-на тең. Балалар үлесі 18%-ды және жасөспірімдер 3,0%-ды көрсетіп отыр, - деді Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігері.
Сонымен қатар коронавирус инфекциясын жұқтырған 9428 науқас анықталған.
Бұл былтырғы желтоқсандағы көрсеткіштен 3 есе артық, ол кезде 2737 жағдай тіркелген болатын, - деп атап өтті Сархат Бейсенова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
COVID-19. Елордада эпидемиологиялық жағдай күрделі
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы