Коронавирустық инфекциядан 35 жеткіншек ем қабылдап жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4521 адам ем қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлайды 24.kz.

Олардың арасында 35 жеткіншек бар. Стационарларда 2352 науқас жатыр. 2169 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 129 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 22 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы