9 Сәуір 2020 2020, 10:46
Түрікменстанда өткен велошеруге жеті мыңнан аса адам қатысты
Алматы, BAQ.KZ. Түрікменстан астанасы мен уәләяттарында бұқараның қатысуымен велошеру өтті.
Алматы, BAQ.KZ. Түрікменстан астанасы мен уәләяттарында бұқараның қатысуымен велошеру өтті.
Тек Ашхабаттағы велошерудің өзіне 3,5 мың адам қатысқан. Бұл туралы ca-news хабарлады.
Велошерудің бағыты 15 шақырымды құрады. Түрікменстан бойынша бұқаралық велошеруге барлығы 7 мыңнан аса адам қатысқан.
Мемлекет басшысы Гурбанғұлы Бердімұхамедовты үлгі тұтқан мыңдаған Түрікменстан азаматы Дүниежүзілік денсаулық күні аясында республика бойынша өткен спорттық шараларға қатысқан.