Коронавирустың емі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аустралия ғалымдары COVID-19 коронавирусына қарсы ем табылды деп мәлімдеді. Квинсленд университеті Клиникалық зерттеу орталығының зерттеушілері сынақтан өткізу барысында бірден екі вакцинаның тиімділігін көрсеткендігін айтады.
Оның біріншісі АҚТҚ-мен күресте пайдаланатын дәрілік зат болса, екіншісі безгекке қарсы хлорохин деп хабарлайды Daily Mail.Ғалымдар таяуда осы екі препарат арқылы клиникалық сынақ жасалатындығын мәлімдеді.
Бұл дәрілік заттар COVID-19 вирусымен күресте тиімділігін көрсеткен әрі бірнеше науқаста нәтижесін берген. ВИЧ препаратымен емделген науқастардың алғашқы толқыны емді жақсы қабылдаған.
Ал жаппай зерттеулер наурыз айының аяғына жоспарланып отыр. Ғалымдар жоғарыда аталған препараттардың коронавирусты жеңуде әмбебап болатындығына сенім білдіруде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тараз қаласындағы аялдамалар залалсыздандырылуда
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы