Коронавирусты емдеу хаттамасына өзгеріс енгізілді

Алматы, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова COVID-19 инфекциясын емдеу мен диагностикалау хаттамасына өзгерістер мен толықтыру енгізілгенін мәлімдеді.

COVID-19 инфекциясын жұқтыру кезінде антибиотик терапиясын қолдануға ерекше назар аударылады, бактериалды инфекция тек көрсеткіштерге сәйкес тағайындалады. 

Коронавирус жағдайында өкпенің вирустық ауруына эмпирикалық антибактериялық терапияны бірден бастау деген сөз емес. Хаттаманы жасаушылар орташа ауырлық деңгейіндегі науқастарға ауруханаға түскенге дейін амбулаториялық деңгейде вирусқа қарсы қолдану жөнінде ұсыныстарын айтты. Аталған ұсыныс ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Бірлескен сапа жөніндегі комиссиясы тарапынан басым дауыспен қолдау тапты, - деп жазды вице-министр Facebook-тегі парақшасында.

Сол үшін хаттамадағы амбулаториялық кезеңнің ем жасау тізбесіне гидроксихлорохин мен лопинавир/ритонавир енгізілген. Одан бөлек, науқастар стационар деңгейінде фавипиравирді қабылдай алады. Бұл дәрі Ресей мен Жапонияда COVID- 19-ға қарсы кеңінен қолданылуда екен. Сондай-ақ, ауыр пневмония кезіндегі терапия дексаметазон дәрісімен толыққан.

Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта науқастарды дене қызуы 3 күннен артық болмаған жағдайда алғашқы медициналық-санитариялық көмекпен келісе отырып, одан әрі амбулаториялық емдеуге ауыстыру туралы шешім қабылданғанын жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы