Коронавирусты адам ағзасына қабылдатпайтын дәрі жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тағы Вашингтон университетінің ғалымдары коронавирусқа қарсы тиімді дәрі ойлап тапты, деп хабарлады Science.
Жаңа препарат жасушаларды «құлыптап» тастайды. Дәріні коронавирустан сауыққан пациенттерден алынған антиденелер қосындысынан жасаған.
Препарат коронавирусты жұқтыру тетігін тиімді анықтап, вирустың адам ағзасына өтуіне жол бермейді деп есептейді ғалымдар.
Дәрі жануарларға қолданылып, өзінің тиімділігін көрсеткен. S2E12 және S2M11 антиденелерінің төмен дозасы инфекцияның дамуынан қорғайтыны дәлелденді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде табысын жоғалтқан кинотеатрлар қайта ашылуы мүмкін
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы