Коронавирустан төрт науқас қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Coronavirus2020.kz сайтында 2021 жылғы 6 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония мен коронавирус туралы ақпарат жарияланды.
4 қаңтарда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 29 жағдайы тіркелді. 100 науқас емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 46020, 513 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 33398-ге жетті, - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, 6 қаңтардағы мәлімет бойынша 22 791 адам коронавирус инфекциясынан (10 722 КВИ+ және 12 109 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 212 пациент стационарда, 17 579 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 4 науқас коронавирустан қайтыс болды.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 299 адамның жағдайы ауыр;
• 45 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АҚШ-та вирустан бір аптада 18 мың адам көз жұмды
Өзгелердің жаңалығы