Коронавирустан тағы 7 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ баспасөз қызметі 1 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратты таратты.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 7 379 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 30 өскіншек бала бар. Стационарларда 3 811 науқас жатыр. 3 568 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Жалпы науқастардың арасында 197 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 35 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 7 науқас қайтыс болды, - делінген ведомство мәліметінде.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы