Коронавирустан сауығып шыққан науқастар қуаныштан жылап жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облыстық ауруханасынан коронавирустан сауығып шыққандардың видеосы желіге таралды.
Коронавирус індетіне шалдыққан науқастар облыстық ауруханадан шықты. Осы әсерлі кезді видеоға түсіріп алған.Видеодан сауығып шыққан науқастардың қуаныштан жылап жатқанын көруге болады. Олар дәрігерлерді құшақтап, алғыс айтып жатыр.
Видеоға жазылған пікірлерден де ақ халатты абзал жандарға алғыс айтып жатқандар аз емес.
Қуаныштың жасы. Олар оралмауы да мүмкін еді ғой. Бастысы, үміт бар. Барлығымыз аман-сау болайық. Дәрігерлер ұжымына бас иеміз. Ерен еңбектеріңіз үшін мың алғыс, - деп жазғандар бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қаржы министрлігі: Мемлекеттік сатып алу туралы ашық диалог
Өзгелердің жаңалығы