Коронавирустан сауыққандар саны 15-ке жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетінен жазылғандар саны 15-ке жетті. Бүгін Елордадағы сырқаттардың бірі жазылып, ауруханадан шығарылды. Бұл туралы Жедел штабтың телеграм каналында жарияланды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елімізде індет жұқтырған 204 адам тіркелген болатын. Олардың 13-і жазылып шығып, бір адам қайтыс болған еді.Қазақстанда тағы бір адам коронавирустан жазылып шықты. ол 12 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. Бұған дейін ол балалар жұқпалы ауырулар ауруханасында болған. Сонымен Елордада 13, Алматы қаласында 2 адам, -делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Төтенше жағдай. Атырауда 1910 карантиндік стационар бар
Өзгелердің жаңалығы