Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 2442-ге жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 75 936 адамға жеткен, оның 2442-і қайтыс болған. 

22 888 адамның денсаулығы жақсарып, ауруханадан шыққан. Бұл туралы Rbc.ru сайтында хабарланды. 

Мемлекеттік денсаулық сақтау мәселесі бойынша комитет 31 провинциядан алған мәлімет бойынша 76 936 адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырғаны анықталды, оның ішінде 51 606 адам (10 968 ауыр халде жатыр) қазіргі уақытта науқастанып жатыр, 22 888 адам ауруханадан шығарылды, 2442 адам қайтыс болды, - делінген Қытайдың мемлекеттік денсаулық комитетінің мәлімдемесінде. 

Соңғы тәулікте ел аумағы бойынша 648 жаңа жұқтыру оқиғасы тіркелді, ауруханадан 2230 адам жазылып шыққан, 97 адам қайтыс болды (оның 96-ы - Хубэй провинциясында).

Қазір тағы 4,1 мың адам ауру жұқтырды деген күдікпен тексеріліп жатыр, 106 мыңнан астам адам тіркелген, олар науқастармен тығыз байланыста болған, медициналық бақылауға алынған. 

Естеріңізге сала кетейік, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын Уханьдағы белгісіз пневмонияның белең алуы туралы хабардар етті. Мамандар аурудың қоздырғыштарын анықтады - бұл жаңа коронавирус. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп танып, ауруға ресми атау берді - COVID-19.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы