Коронавирустан кейін шаштың не себепті түсетіні анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустан жазылып шыққан көптеген адам шаштың түсуіне шағымданады. Сарапшылар бұл құбылыстың себебін түсіндірді, деп хабарлады «Вечерняя Москва».
Трихолог Юлий Дудийдің сөзінше, оның екі себебі бар. Алғашқысы - шаш фолликулдарына вирустық жүктеме түседі. Бұл ретте ауру ағымы жеңіл өтіп жатса да, шаш түсе бастайды. Екінші себеп - аурудан емделу кезінде дәрілік препараттарды, антибиотиктерді көптеп қолдану.
Сарапшының сөзінше, 90% жағдайда түскен шаш қалпына келеді. Бірақ ол үшін біраз күш салу керек.
Мумие немесе қалақай тәрізді халықтық емдеу әдістері тиімсіз. Кей жағдайда табиғи компонеттеріне аллергия туындап, себореялық дерматитке ұласуы мүмкін. Сол себепті халық емінің орнына заманауи дәрілік препараттарды қолданған жөн.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Таразда 45 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді
Өзгелердің жаңалығы