Коронавирустан емдейді деген әйгілі дәрі пайдасыз болып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирусқа қарсы әйгілі дәрі – азитромицин COVID-19-бен күресте науқастардың жағдайын жақсартуда пайдасыз болып шықты. Бұл туралы Еуропалық клиникалық микробиология қоғамына сілтеме жасай отырып, Lenta.ru хабарлады.
Ғалымдар анықтағандай, азитромицинді тұтынған науқастардың реанимацияға түсу қаупі немесе коронавирус инфекциясынан қайтыс болу қатері азаймаған. Мамандар бүкіл әлемнің дәрігерлер қауымын бұл препаратты қолданудан бас тартуға шақырып отыр. Осылайша, бактериялардың оның әсеріне тұрақтылыққа ие болу бастау қаупін төмендете аламыз дейді.
Әлем елдерінің бірқатарында аталмыш дәрі коронавирусқа шалдыққан ересектерді емдеуге тағайындалуы мүмкін препараттардың қатарына енгізілген болатын. Сондай-ақ індеттен емдейді деп үміт артқан дәрілердің қатарында фавипиравир, ремдесивир, гидроксихлорохин, рекомбинантный интерферон альфа (ИФН-α) және умифеновир бар. Ал жүкті әйелдерге ИФН-α2b дәрілік затын ғана қолдануға рұқсат етілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы