Коронавирустан балалар қайтыс болып жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев онлайн брифингте айтты.
Басқарма басшысының айтуынша, коронавирустың «дельта» нұсқасы өте агрессивті әрі адам денсаулығын күрт нашарлатып жібереді. Әсіресе созылмалы ауруы бар адамдар үшін қауіпті.
Реанимацияда қайтыс болған науқастарға күнделікті талдау жасап отырамыз. Талдаудың нәтижесіне сүйенсек, 83% жағдайда бойында 3-4 сырқаты бар адамдар бақилық болып жатыр. Адам 70 жастан асқан соң созылмалы ауру түрлері көбейе береді. Сондықтан егде жастағы адамдар қатерлі топта. Алайда соңғы екі айда «дельта» штамы жастарды да аямайтынын байқадық. 40 жасқа дейінгі екі жас жігіттің осы штамнан қайтыс болғаны тіркелді. Былтыр жастар арасында сырқат ауыр жүрмеген еді, биыл балаларға дейін қатты ауырып жатыр. Осы жақын күндері еліміздің өзге өңірінде балалардың да осы індеттен өлгені туралы дерек шықты, - деді ол.Оның айтуынша, ауруханаға келіп түскен науқастың жағдайы айналдырған 4-5 сағатта күрт нашарлап кетеді. Ал келесі күні өкпесі зақымдалатын көрінеді. Осыған орай басқарма басшысы халықты сақтануға әрі коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шетелге капиталды заңсыз шығару қалай тексеріледі?
Өзгелердің жаңалығы