Коронавирустан 28 тамызда толық құтыламыз – Бақыт Жұматова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуразия бірінші арнасындағы Basty Prime бағдарламасында экстрасенс, көріпкел Бақыт Жұматова коронавирус індеті қашан аяқталатынын айтты.

Коронавирустан шамамен 28 тамызға дейін құтыламыз. Аурудың үшінші толқыны жүреді деп айтып жатыр ғой. Олай болмайды. Әрі қарай мәнісі жоқ. Пандемия күн тұтылуының нәтижесінде өршіді. Енді бәсеңдейді. COVID-19 індетінен Қазақстан толық қырылып қалмасы анық, - дейді Бақыт Жұматова.

Оның айтуынша, қазіргі кезде елде ЖРВИ, фарингит аурулары көп. Қалаларда желдеткіш қосылып тұрады. Сондықтан адамдар суық тиіп ауырып жатыр.
Барлық жерде желдеткіш қосылған. Дубайда жүргендей сезінесің. Оның үстіне қазақ халқы темекі тартсақ та, тартпасақ та әлсіздеуміз. Сондықтан сәл жел бірдеңе болса, суық тиіп ауырып қаламыз. Оның бәрін коронавирус деп айта алмаймын, - деді көріпкел.

Ол биыл кібісе жыл екенін айта келе, әлем үшін ауыр жыл болатынын жеткізді.
Биылғы жыл өте ауыр болмақ. Жыл басы әуе апатымен басталды. Бұл COVID адам шалдығып, емделіп шыға алатын ауру. Бұл оба емес. Ал оба алда келе жатыр. Адамдар 2021 жылдың 5 ақпанынан бастап басқаша өмір сүре бастайды. Басқаша ойлайды. Үнемі қорқынышта жүреді. Сақтанып жүреді. Бұл жылды сабырмен шығарып салу керек, - дейді Бақыт Жұматова.

Ол осының бәрі Құдайдың қаһары, жазасы екенін айта келе, жер бетіндегі адамдар ұяттан безгенін атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы