Коронавирустан 24 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 22 сәуірдегі ақпаратты жариялады.
22 сәуірдегі мәлімет бойынша, 39 859 адам коронавирус инфекциясынан (39 385 КВИ+ және 474 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 034 пациент стационарда, 25 825 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 679 адамның жағдайы ауыр;
• 181 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 100 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы