Коронавирусқа 13,5 млрд доллар бөлді: Министр жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан коронавирусқа 13,5 миллиард доллар бөлмеген. Бұл туралы Вице-премьер, Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты.
Интернетте кейбір блогер Қазақстан коронавируспен күреске 13,5 миллиард доллар жұмсағанын жазып, аз қаражат бөлген көрші елдермен салыстырған. Бұл мүлдем қате ақпарат екенін айтқым келеді. Коронавируспен күреске немесе індетке қарсы шараларға республикалық бюджеттен шамамен 150 млрд теңге немесе долларға шаққанда 350 млн доллар бөлінді, - дейді Әлихан Смайылов.
Оның айтуынша, бұл ақша дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға бағытталған 5,9 триллион теңгенің ішіне кіреді.
Алты триллион теңгеге жуық қаржы жұмыспен қамтуға, әлеуметтік төлемдерге, бизнесті қолдауға, кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беруге, тұрғын үй құрылысына және тағы басқаға қарастырылған. Бұл қаражат жыл бойына жоспарланған. Мәселен, бизнесті жеңілдікпен кредиттеуге 1 триллион теңге бөлінеді. Бұл ақша түбінде қайтарылады. Яғни, бизнеске төмен мөлшерлемемен кредит түрінде беріледі, - дейді вице-премьер.
Оның берген ақпаратына сүйенсек, қамту жол картасын іске асыруға 1 триллион теңге бағытталады, оның 300 миллиард теңгесі – бюджеттен, ал қалғаны – бюджеттен тыс қаражат екен.
Бұл ақша әлеуметтік нысандар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын, инженерлік инфрақұрылымдар салуға және жөндеуге, елді мекендерді абаттандыруға жұмсалады. 255 мың жұмыс орны құрылады. Үкімет жыл бойы бағыттайтын барлық қаражаттың әлеуметтік-экономикалық маңызы зор екенін және халықты жұмыспен қамтуға, табысын арттыруға, іскерлік белсенділікті қолдауға мүмкіндік береді, - дейді Әлихан Смайылов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
COVID-19: Тағы бір науқас қайтыс болды, 22 жағдай тіркелді
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы