Коронавируспен күресте қолданылатын тағы бір вакцина тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы тағы бір вакцинаны тіркеді.

«Спутник Лайт» - коронавирус инфекциясының алдын алуға арналған векторлы вакцина. Бұлшықетке енгізілетін ерітінді түрінде шығарылады. Егілетін бір доза 0,5 мл-ді құрайды. Мұздатылған күйінде 12 айға дейін сақталады. Ал сұйық күйінде сақталу мерзімі екі айдан аспауы тиіс.

Rbc.ru ақпаратына сүйенсек, вакцинаны жасап шығарғандар тіркеуге өтініш берген. 

«Спутник Лайт» коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасы компонентіне ұқсас. Жеңілдетілген вакцинаны салдырғаннан кейін коронавирусқа қарсы иммунитет 3-4 айда қалыптасады. Коронавирусты қайта жұқтырған жағдайда аталған вакцинаны салдырған адам вирустың ауыр формаларына шалдықпайтын көрінеді. 

Қазіргі уақытта әлемде ресми тіркелген бірнеше вакцина бар. Олар:

CoronaVac (Sinovac, Қытай), 

Covaxin (Bharat Biotech, Үндістан), 

Sinopharm (Sinopharm/Ухань биологиялық препараттар институты, Қытай), 

КовиВак (Чумаков орталығы, Ресей), 

BBIBP-CorV (Sinopharm/Бейжің биологиялық препараттар институты, Қытай), 

Comirnaty (Pfizer/BioNTech/Fosun Pharma, АҚШ/Германия/Қытай), 

Moderna (Moderna/NIAID, АҚШ), 

Гам-КОВИД-Вак (Спутник V) (Гамалеи орталығы, Ресей) және т.б.

Қазақстанда Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты ғалымдары QazCovid-in вакцинасын сынақтан өткізіп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы