Коронавируспен күреске тағы 30 млрд теңге жұмсаймыз - Болат Төкенжанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкенжанов Қазақстанда коронавируспен күреске тағы 30,2 миллиард теңге жұмсалғалы жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы бүгін Azattyq Rýhy хабарлады.

Ең басында коронавируспен күреске 56 миллиард теңге қарастырылған еді. Алты айдың қорытындысы бойынша 44,1 миллиард теңге игерілді. Қосымша құралдарды сатып алу үшін тағы 30,2 миллиард теңге жұмсалмақ. Осылайша, жалпы шығын 86,2 миллиард теңгені құрамақ, - деді Болат Төкенжанов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы