Коронавируспен күрес. Атырауда 120 орындық стационар жабдықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда корнавирус инфекциясын жұқтырған науқастар үшін тағы да 120 орындық инфекциялық стационар ашылды. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазіргі таңда облыста қауіпті вирусқа шалдыққан науқастар саны өскен. Осыған байланысты Атыраудағы теміржол ауруханасында 120 орындық инфекциялық стационар іске қосылды.

Қазір темір жол ауруханасында ашылған инфекциялық стационарға коронавирус жұқтырған 48 науқас жатқызылған. 

Бұған қоса, Махамбет ауданындағы фтизиопульманология орталығында - 150, сондай-ақ, Атырауда жатақханалардың бірінде - 200 орындық инфекциялық стационар дайындалды, - делінген хабарламада.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудың үш ауданындағы инфекциялық стационар науқастарға толған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы