Коронавируспен күрес. Алматылықтар арасында байқау жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі мегаполистің барлық тұрғындары мен қонақтарын COVID-19-ға қарсы күрес шараларын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жобаға қатысуға шақырады.
Жобаның мақсаты - коронавирустың жаңа толқыны, респираторлық аурулардың өсу қаупі қарсаңында тұрғындарға санитарлық нормаларды, әсіресе маска режимін сақтаудың маңыздылығы, пандемиямен күресте алдыңғы қатарда тұрған адамдардың (медицина қызметкерлері, эпидемиологтар, полиция қызметкерлері, еріктілер және т.б.) жұмысының құндылығы және олардың денсаулығы үшін жауапкершілік туралы еске салу - дейді ұйымдастырушылар.
Жобаға кез келген адам қаланың коронавируспен күресіне деген көзқарасын білдіретін 5-ке дейін фотосуретті немесе басқа графикалық суреттерді (карикатура, иллюстрациялар) жібере алады. Жіберілген фотосуреттердің сапасы кемінде 300 dpi болуы керек.
Жоба келесі кезеңдерден тұрады:
- Жобаға қатысуға өтінім (оған жұмыстарды жіберу, аты-жөні және байланыс деректері кіреді).
- Жұмыстарды іріктеу, қаланың 8 ауданының аумағында фотоөнімдерді орналастыру.
- Қорытынды шығару және үздік жұмыстардың авторларын марапаттау (байланыссыз форматта).
Өтінімдерді қабылдау 25 қазанға дейін жалғасады. Жұмыстарды photovystavka@mail.ru email-мекенжайына немесе Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің поштасына info@rsk.almaty.kz. поштасына жолдау қажет.