Коронавируспен ауырғаннан кейін жанама әсер ағзада бірнеше жыл сақталуы мүмкін – Ералиева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ляззат Ералиева «COVID-19-ға қарсы вакцинация: сарапшылардың пікірлері және негізгі ұсыныстар» туралы өткен ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дағы брифингте айтты.
Ералиева ДДСҰ мамандары коронавирусқа қарсы вакциналар мутациялардың барлық штамдарынан қорғайтынын айтады.Ел бойынша жүргізіліп жатқан вакцинация коронавирустан кейін ағзада жанама әсерлердің қалмауына деген мүмкіндік. Себебі әлемдік ғалымдар коронавирустан кейінгі жанама әсерлердің 50 жағдайын тіркеді. Коронавируспен ауырғаннан кейінгі әсер бірнеше жылға созылуы мүмкін, - деді ол.
Сондай-ақ, ол вакциналарды аллергиялар қозған кезде егуге тыйым салынатынын айтты.Біздің мақсатымыз – қалыпты өмірге оралу. Вакцина алу арқылы жаппай иммунитет қалыптастырып, маскасыз, қалыпты өмір сүруге көшуге мүмкіндік береді, - деді Ералиева.
Қалған маусымдық аллергиялар вакцинаны салуға кедергі келтірмейді. Себебі вакцина құрамында аллергия тудыратын антибиотиктер жоқ, - деді Ләззат Ералиева.