Коронавируспен ауырғандар санының өсуі вакцинациямен байланысты ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілші. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы» өткен онлайн брифинг барысында ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова жауап берді.

Бұл мүлдем қате пайым. Вакцинация коронавирустық инфекциядан қорғайды. Бірақ вакцинацияның толық кешені алынғанға дейін, бүгінде бұл екі доза және иммунитетті дамыту үшін 60 күнге дейін уақыт кетеді, орта есеппен - 45 күн. Адам вирус жұқтыруы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, онда инфекцияны немесе инфекцияны болдырмайтын және оны жұмсақ түрге ауыстыратын қажетті антидене титрі жоқ. Сондықтан вакцинация инфекциямен және сырқаттанушылық көрсеткішінің өсуімен байланысты емес, - деп түсіндірді спикер.

Айжан Есмағамбетованың айтуынша, бүгінде Қазақстан аумағында қолданылатын вакцина тірі емес вакцина, оның құрамында вирус бөлшектері жоқ. Тек ақпаратты беретін және вакцинациядан кейін ағзада антиденелер шығаруға ықпал ететін ген учаскесінің бір бөлігі ғана бар.

Айта кетейік, бұған дейін ол Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцинация міндетті бола ма деген сауалға жауап берген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы