Коронавируспен ауырған кейіп танытқан пранкер 4 жылға қамалуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Айыптаушы мәскеулік метрополитенде коронавирусқа байланысты пранк ұйымдастырған Кароматулло Джаборовты 4 жылға қамауды сұраған.
Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Тәжікстан азаматы Джаборов алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адаммен бұзақылық жасады деп айыпталды.
Былтыр ол ақпан айында метрода пранк ұйымдастырған. Ол видео тарап кеткеннен кейін ұсталған болатын. Бейнеде блогер құлап, ұстамасы ұстап қалғандай кейіп танытқан. Оның қасында пранкер қауіпті вирус жұқтырғанын айтып айғайлаған жігіттер тұрған.
Артынша Джаборов қамауға алынып, қасындағы екі жігіт ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.
Пранкерге қатысты үкім 2 тамызда шығады. Прокурор оның сыбайластарын үш жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Бұған дейін Джаборов істеген әрекетіне өкінетінін, сол күні метрода қорқытып алған адамдардан кешірім сұрайтынын айтқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркияда метеориттің құлаған сәті видеоға түсіп қалды
Өзгелердің жаңалығы