Коронавируспен ауырған адамдарда антидене ұзақ сақталады деген рас па?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Желмая» жобасына сұқбат берген Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ микроағзалар коллекциясы зертханасының меңгерушісі, философия докторы (PhD), ғалым, QazVac вакцинасын әзірлеушілердің бірі Қуандық Жүгінісов вакцина салдырғандардан гөрі коронавируспен ауырғанда антидене ұзақ сақталады деген пікірге жауап берді.

Оны нақты ешкім тексеріп, дәлелдеген жоқ. Әркім әр түрлі пікір айтады. Ал ауырған адамдарда иммунитет пайда болатыны рас. Бірақ ол ұзақ сақталады дегенмен келіспеймін. Бәрі организмге байланысты, - деді Қуандық Жүгінісов.

Сондай-ақ ғалымның айтуынша, өзі жұмыс істейтін ғылыми орталықта QazVac-тан басқа 4 вакцина әзірленіп жатыр.

Екпелер сынақтан өткізілуде. Нәтижелері де жаман емес, - деп отыр ғалым.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы