Коронавируспен 46 мыңнан астам маман күресіп жатыр - Цой
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Коронавируспен 46 мыңнан астам маман күресіп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты.
Бүгін коронавируспен күреске 46 мыңнан астам адам күресіп жатыр. Өңірлерде эпидемиолог, анестезиолог, пульмонолог, инфекционист, реаниматолог мамандар жетіспейді. Министрлік КВИ-мен күреске қарсы түлектерді тартып жатыр. Оның ішінде, анестезиолог – 88, пульмонолог-7, инфекционист – 26. Сондай-ақ, кадр тапшылығын шешу үшін министрлік шаралар қабылдап жатыр. Медицина университеттері бойынша 2 083 волонтер маман тартылды, - деді ол.
Министр коронавирусқа қарсы күресіп жатқан дәрігерлерге үстемеақы төленетінін айтты.
Президенттің Атырау облысында кадр тапшылығын шешу тапсырмасы бойынша, 13 шілдеде бірқатар шара қабылданды. Бас санитар дәрігердің бақылауы бойынша өңірге тауар мен қызметті бақылау бойынша 5 маман, 6 ресейлік маман, 10 клиникалық кафедра ғалымы, 9 клининцист бағытталды. 78 интерн дәрігер бір апта ішінде жетеді. Бұл шаралар Атырау облысын 108 жоғары білікті маманмен қамтуға мүмкіндік береді, - деді министр.
Министр Маңғыстау облысына баратын мамандарды айтып өтті.
Өңірге 56 маман бағытталады. 9 ресейлік маман өңірде жұмыс істеп жатыр. 42 интерн дәрігер бір апта ішінде жетеді. Маңғыстау, БҚО, Түркістан, Алматы облыстары мен Шымкентке мамандар тобы жасақталған, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Цой бірінші тоқсандағы сабақты қашықтан оқуды ұсынды
Өзгелердің жаңалығы