Коронавирусқа қарсы іс-шараларға осы күнге дейін қанша қаржы жұмсалды?
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. БАҚ өкілінің бұл сауалына Орталық коммуникациялар қызметінде өткен күзгі-қысқы кезеңдегі КВИ және жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша эпидемиологиялық іс шаралар туралы онлайн брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов жауап берді.
Оның айтуынша, коронавирусқа қарсы эпеидемиологиялық күрес пен вирусты пневмонияға қарсы іс-шараларға 102,8 млрд теңге жұмсау жоспарланған. Наурыз бен шілде аралығында жалпы соммасы 76 млрд теңге қаржы жұмсалды. Оның 57 млрд теңгесінен медициналық қызметкерлерге үстемеақы төленді.
Карантиндік және провизорлық госпитализация мен коронавирустық инфекцияны емдеуге 16, 1 млрд теңге жұмсалды. ПТР тестін сатып алуға 2,9 млрд теңге бағытталды, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі.Оның айтуынша, қазіргі күні індетпен күресуге жұмылдырылған мобильді топ әлі де жұмысын жалғастыруда. Олардың саны үш мыңнан асады. Бұл топтарды қамтамасыз ету үшін 24 миллион теңге жұмсалған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда қараусыз қалған жер саябаққа айналды
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы