Коронавирусқа қарсы вакцина иммунитетті қанша уақыт қорғай алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы №2 қалалық емхана директорының орынбасары Майра Ахметова хабарлады. 

Оның айтуынша, вирустың мутацияға ұшырауы себепті иммунитетті қалпында сақтау қиынға соғып отыр.

Вакциналау – белгілі бір ауруға иммунитетті қалыптастыру үшін қажет инъекция. Ревакцинация – екпе енгізілгеннен кейін алынған иммунитетті ұстап тұру үшін қажетті рәсім. Вакциналау және қайталап егу кез келген жағдайда оң әсерін береді, олар аурудың ауыр ағымынан сенімді қорғаныс болады. Алдын ала мәліметтер бойынша вакциналаудан кейінгі иммунитет бір жылдан екі жылға дейін созылады. Өйткені иммундық реакция байқалады. Бірақ қазір вирус мутацияға ұшыраған. Сондықтан иммунитетті қалпында сақтау қиынға соғады. Ревакцинация сол үшін де аса қажет, - деп атап өтті Майра Ахметова.

Сонымен қатар ол көптеген азамат қайталап егу коронавирустың жаңа өзгергіштіктерінен қаншалықты қорғай алады деп ойлайтындығына тоқталды.

Қазіргі уақытта вакциналау және қайталап егу үшін қолданылатын екпелердің коронавирустық инфекцияның мутацияға ұшыраған түрінен қорғану мүмкіндігі бар. Сондай-ақ көптеген адам ауырып қалған жағдайда денеде антиденелер пайда болады, олар ұзақ уақыт бойы қайта ауырып қалудан қорғай алады деп олайды. Бірақ бұл олай емес. Коронавирус үшін S ақуызы маңызды және тек екпе осы ақуызға антиденелер түзе алады. Кез келген екпелер жұқпаның озбырлығын анықтайтын және оны бұғаттайтын антиденелердің пайда болуын қамтамасыз етеді. Аурудан кейін пайда болған антиденелер әрқашан адамды қайта жұқтырудан қорғамайды, - деді емхана басшысының орынбасары.

Еске сала кетейік, бұған дейін дәрігер ревакцинацияның не үшін қажет екенін түсіндірген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы