Коронавирусқа қарсы вакцина «Covuity» деп аталуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Американдық Pfizer компаниясы мен оның неміс серіктесі Biontech-тің коронавирусқа қарсы вакцинасы «Covuity» деп аталуы мүмкін. Бұл туралы британдық The Daily Telegraph газеті хабарлады деп жазды Хабар24.

Ол компаниялардың Еуропалық Одақ пен АҚШ-та тауарлық белгіні тіркеуге өтініштерін зерттеді. Осылайша бұл препарат «адамдарға қолдануға арналған вакцина» ретінде сипатталатын Covuity атауына өтінім 30 мамырда ЕО-ның құзыретті органдарына берілді. Реттеуші бұл өтінішті қараша айының басында мақұлдады. 

Сонымен қатар тауар таңбасын тіркеуге өтініш Америка Құрама Штаттарында 1 маусымда берілді, бірақ ол рұқсатнама әлі алынған жоқ. Pfizer және Biontech «covuity.com» домендік атауын тіркегені аталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы