Коронавирусқа қарсы екпеден кейін иммунитеттің қанша сақталатыны уақыт еншісінде – иммунолог

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында UMС клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бағдарламасының жетекшісі, «АстМУ» КеАҚ Нефрология, гематология, аллергология және иммунология курсымен ішкі аурулар кафедрасының аға оқытушысы Елена Ковзель айтты.

Жақында шыққан клиникалық материалда «Спутник V» вакцинасы Ұлыбританияда жаңа штамға протективті әсер еткені жарияланды. Ұлыбританияда, Испанияда жүргізілген ғылыми зерттеулер вирустың әртүрлі штамы, соның ішінде қарапайым суық коронавирус арасында кросс-реактивтіліктің бар екенін көрсетті, олар зертханалық зерттеулер бойынша COVID-19  бар халықтың 20-50% және Т-жасушалық жадта 19% көрсетті. Мұның бәрі адамның ауру көріністерінің гетерогенділігін түсіндіреді және «Спутник V» коронавирус басқа штамдарынан қорғану қабілетін ғылыми дәлелдейді, - дейді ол.

Коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін иммунитеттің қанша сақталатыны уақыт еншісінде.

Ғылыми негіздегі зерттеулер оның тұмау вирусымен ұқсастығын көрсетеді. Әзірге клиникалық зерттеулер аясында вакцинацияланған адамдардың иммунитетін ғана мысал ретінде қарауға болады. Аурудан кейін антидене деңгейі біртіндеп төмендейтінін және кейбір жеңіл түрде ауырған науқастарда мүлдем анықталмайтындығын ескере отырып, вакцинацияны қайталау керек. Тиісінше, жазылып шыққандарға да екпе салу қажет, - деді ол.  

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов елімізде 1 ақпаннан бастап бүгінге дейін 719 адам (78%-дан артық) вирусқа қарсы екпе алып үлгергенін мәлімдеген болатын.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцина пациент екпе туралы толық ақпарат алған соң, ерікті түрде келісімімен салынады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы