Коронавирус жұқтырған 2,5 мыңнан аса науқас ем қабылдап жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустан емделіп жатқан науқастар саны 2,5 мыңнан асты. 

Бұл туралы Денсаулық министрлігінің ресми сайты мәлімдеді.

10 шілдедегі мәлімет бойынша, 2 510 адам коронавирус инфекциясынан (–2 449+ және 61 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде 291 пациент стационарда, 2 219 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында 14 адамның жағдайы ауыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы