Коронавирус жұқтырғандар саны азайып кетті – Цой
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мамыр айының алғашқы күндерімен салыстырғанда коронавирус инфекциясы жағдайы анықталғандардың саны 4 мыңға дейін төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
Күнделікті мониторинг жүргізіліп отыр. Соған сәйкес 25 мамырдағы жағдай бойынша өңірлер шегінде төсек-орын жүктемесі республика бойынша инфекциялық төсек-орындардың жүктемесінің 33 пайызын құрайды.Қазіргі кезде ауру таралуы төмендеуінің оң динамикасы байқалады және эпидемиологиялық ахуал біртіндеп тұрақтанып келеді. Соңғы аптада сәуір айының соңы мен мамыр айының басындағы ауру-сырқау көрсеткішімен салыстырғанда коронавирус инфекциясы жағдайы анықталғандардың саны 4 мыңға дейін төмендеді. Жалпы алғанда ауруға шалдығу 20 пайызға төмендеп отыр, - деді министр.
Сондай-ақ оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласында төсек-орын жүктемесінің оң динамикасы байқалады. Мамын айының басымен (4 мамыр) салыстырғанда төсек-орынның үлесі 60%-дан 47%-ға (1020 кереует) төмендеген.Бұл мамыр айының алғашқы күндерімен салыстырғанда 8 пайызға, ал реанимациялық төсек-орындар жүктемесі 2 пайызға төмендеді, - деп атап өтті Цой.
Алматыда 57%-дан 35 пайызға дейін (2079 төсек) және Алматы облысында - 56 пайыздан 36%-ға дейін (1 592 төсек) азайды, - деді министр.