Коронавирус жайлы бәрі білуге тиіс деректер

Алматы, BAQ.KZ. Иммундық жүйесі әлсіз әрі төмен адамдар коронавирусты тез жұқтырады, сонымен қатар сәбилер мен қарттар да сырқатқа ұшырауы мүмкін. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

Коронавирус инфекциясы дегеніміз не?

● коронавирус - бұл 2019-nCoV деп аталатын вирустық инфекцияның жаңа түрі;
●жоғарғы тыныс алу жолдарының жеңіл немесе орташа ауруын тудырады, өкпе қабынуы асқынып, өлімге әкелуі мүмкін;
● 2019 жылы Қытайда, Ухань провинциясында анықталды;
● вирустың басқа елдерге сапар немесе саяхат шеккенде таралады;
● вирус жылдам тарайды;
● 27 елде коронавирус жұқтырған 23,9 мың оқиға тіркелген, оның 492-і өліммен аяқталған. Бұлардың басым бөлігі Қытайда орын алған.
● Хубей провинциясының 15 қаласында карантин жарияланып, тұрғындарға қаладан кетуге тыйым салынған;
● автобус, поездардың қозғалысы, ұшақ рейстері тоқтатылды;

Коронавирустың белгілері:

● дене қызуының көтерілуі
● тұмау
● бас ауруы
● жөтел
● тамақ ауруы
● әлсіздік
● іш өту

Иммундық жүйесі әлсіз әрі төмен адамдарда жиі кездеседі, сәбилер мен қарттар да сырқатқа ұшырауы мүмкін.
Инкубациялық кезең - 2 күннен 14 күнге дейін.

Диагностика
Бүгінгі таңда Қазақстанда 2 сағаттың ішінде нәтиже беретін жаңа тест-жүйелері қолданылуда. Ол үшін:

●  қанның анализі
●  несеп анализі
●  зертханалық зерттеулер
●  ПТР тапсыру қажет.

Коронавирусқа арнайы диагностика тек медициналық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
Инфекцияның берілу жолдары:

● көбінесе ауру адам жөтелгенде немесе түшкіргенде ауа тамшылары арқылы таралады
● тұрмыстық байланыс арқылы - бұл жеке байланыс, (жанасу, қол алысу, залалды объектіде болу немесе бетті тигізу)

Вирус өзі ағзадан тыс ұзақ өмір сүре алмайды және бірнеше күн ішінде жойылып кетеді.
Профилактикалық шаралар:

- қол және тыныс алу жолдарының гигиенасын сақтау, қолды 20 секунд бойы мұқият жуу, мұрынды изотониялық ерітіндімен жуу;
- иммунитетті арттыру: дұрыс ұйықтау, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу;
- бөлмені желдету;
- жиі қолданылатын заттарды залалсыздандыру құралдарымен сүрту;
- катаралдық құбылыстары бар тұлғалармен қарым-қатынас жасамау;
- коронавирус жағдайлары тіркелген, қауіпті аймақтарға сапарға шықпау;
- адам көп жиналған жерлерден алшақ болу.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы