Коронавирус: 3 мыңға жуық қытайлық қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 2900-ден асты. 

Өткен түні 42 адам көз жұмды. Олардың барлығы - Хубэй провинциясының тұрғындары. 80 мыңнан астам адамға COVID-19 коронавирусын жұқтырды деген диагноз қойылды.

2 наурыз күні ҚХР денсаулық сақтау мемлекеттік комитеті жұқпалы аурудан 2912 адам қайтыс болғанын, 80026 адам ауруға шалдыққанын хабарлады.

Қытай Үкіметінің деректеріне сүйенсек, 44462 адам ауруынан айығып, ауруханадан шығарылды. Жалпы ауруға шалдыққандардың 32652-сі әлі де ауырып жатыр.
 





Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы