Коронавирус жұқтырғандардың біреуінің жағдайы ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін, янғи 22 наурызда коронавирус жұқтырған екі адамның біреуінің жағдайы тым ауыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.

22 наурызда тағы екі науқас тіркелді. Біріншісі - пневмония бойынша күдікке ілініп стационарда бокста жатқан Қазақстан азаматы. Диагностикалық тексеріс кезінде коронавирустық инфекция анықталды. Қазіргі кезде науқастың ыстығы жоқ, бірақ жағдайы ауыр. Екі жақты пневмониясы бар, тыныс алуы қиындап отыр. Консилиум белгіленді, - деді Сәуле Қисықова онлайн брифингте. 

Оның айтуынша, қалған 30 науқас қанағаттанарлық жағдайда, температуралары қалыпты. Емдеу коронавирустық инфекцияның клиникалық хаттамасына сәйкес алынады.

Екінші жағдай, өздеріңіз білетіндей, шетелдік дипломат.  Ол кеше кешке Лондоннан Нұр-Сұлтанға ұшып келді. Бақылау шаралары кезінде коронавирус анықталды. Соңғы науқастың бірі 21 наурыз күні тіркелді. Ол осы індетке шалдыққан әйелмен жақын байланыста болған, - деді қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы.

22 наурыздағы ақпарат бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 56 адамға жетті. Оның ішінде -  31 науқас Нұр-Сұлтан қаласында, 22 адам Алматыда қаласында  және Алматы облысында - 1, Қарағандыда - 2 науқас тіркелді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы