Коронавирус жұқтырған жүкті әйел өмірге дені сау бала әкелді
Алматы, BAQ.KZ. Қытайдағы Харбин қаласының короновирус жұқтырған тұрғыны өмірге дені сау қыз бала әкелді. Бұл туралы "Сина" порталы хабарлады.
Агенттіктің мәліметінше, әйел жүктіліктің 38-ші аптасында жүрген. Күн өткен сайын науқастың жағдайы нашарлай бастаған соң дәрігерлер кесар тілігін жасауды жөн деп санапты.Ота сәтті жасалып, әйел салмағы 3,3 келі қыз баланы өмірге әкелген. Дәрігерлердің айтуынша нәрестенің денсаулығы жақсы. Ана мен бала бөлек палатаға жатқызылған.
Дәрігерлер нәрестенің қанынан екі рет анализ алып, короновирусқа тексерген. Алайда зертханалық тест екі ретте де жақсы нәтиже көрсеткен. Осы аралықта баланың анасы да тәуір болып, жазыла бастаған. Әзірге бала ана мен бала дәрігерлердің бақылауында.
Бұған дейін Қытайда коронавирустан өлгендер саны 361 жетіп, 17 205 адам қауіпті вирусты жұқтырғанын хабаралғанбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Абақтыда 43 жыл кінәсіз отырған адамға өтемақы берілмеді
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы