Коронавирус жұқтырған Алматы тұрғыны қандай жағдайда екенін айтты
Алматы, BAQ.KZ. Алматы тұрғыны Алина Жанзақова Instagram парақшасына коронавирус жұқтырып ауруханада ем алып жатқаны жайлы жазды.
Ол өзінің постында коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен наурыздың 20 күні қалалық жұқпалы аурулар емханасына түскенін айтады. Ал 26 наурыз күні түнде оған коронавирус анықталғанын хабарлаған.
Бүгін таңертең мені жеке боксқа ауыстырды, мұнда мен 100% оқшауландым. Мұнда жағдай жақсы, тіптен бөлмеге жылытқыш әкеп берді. Бокста тоңазытқыш, жайлы төсек, заттар салатын тумбочка және шкаф бар. Сондай-ақ жеке әжетхана мен жуыну орны бар, - деп жазды ол.Оған бөлім меңгерушісі мен дәрігер келіп, барлығын егжей-тегжейлі түсіндіріп берген.
Бүгін екінші күн ем қабылдап жатырмын, бастапқыда дәрілерді дұрыс қабылдамағандықтан жанама әсері пайда болды. Бүгін қай уақытта ішу қажеттігін және қалай ішу керектігін толық түсіндірді, сондықтан бүгін жанама әсер болған жоқ. Бүгін пневмонияны жою үшін менің өкпемді рентгенге түсіреді. Емдеу 10 күнде дейін жалғасады, мүмкін одан ерте немесе ұзақ болуы да мүмкін. Нақты мерзімін айта алмаймын. Барлығы менің жағдайыма байланысты. Емделіп болған соң екі рет тест тапсыруым керек. Содан кейін ғана мені босатады,-деп жазды Алина.
Сондай-ақ ол, ақ халатты жандарға өзінің алғысын білдірді.
Медицина қызметкерлеріне алғыстан бөлек төзімділік тілеймін. Барлық дәрігер үзілісіз және демалыссыз жұмыс істеп жүр. Онымен қоймай бізді қолдап, жақсы көңіл-күй сыйлауға тырысады. Маған меңгерушінің: Алина, кел бір команда болайық және бұл вирусты бірге жеңейік, деген сөзі ұнады. Өзімді жақсы сезінемін, вирусқа қарсы емнен бөлек тамағымды да емдеп жатырмын. Тамаққа тәбетім бұрынғыдай жоқ, дәрігерлер міндетті түрде тамақ ішіп, көбірек су ішу қажеттігін айтты, - деп жазды ол.
Аминаның айтуынша, оған бұл постты жазуға ешкім ақша төлемеген, барлығын ерікті түрде өзі айтуда.
Мен коронавирус жұқтырған тірі әрі қабілетті адаммын, - деп аяқтады ол жазбасын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы