Қытайда коронавирус жұқтырған адам саны 9692 болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырып, пневмония болып ауырып қалғандар саны 9692 адам болды. Бұл әлемдегі SARS коронавирусының эпидемиясынан әлдеқайда көп. Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады.

Қазір 213 адам қайтыс болды. Бір күн бұрын 7711 адам ауырып жатыр және 170 адам көз жұмды деген ресми ақпарат  болған. 

30 қаңтарға қараған түнде денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы 31 провинциядан коронавирустың жаңа түрін жұқтырып,  9692 адамның пневмониямен ауырып қалғаны және олардың ішінде 1527 адам ауыр халде жатқаны туралы, 213 адам қайтыс болып, 171 адам сауығып, ауруханадан шығарылғаны туралы мәлімет алды, - делінген хабарламада.

Соңғы тәулік ішінде 1982 адам жұқтырған. Бұдан бөлек Гонконгта 12 адам, Макаода 7, Тайванда 9 адам жұқтырған.

Сондай-ақ коронавирустың жаңа түрін жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 15 238 адам тіркелді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы